Таиланд пен Камбоджа әскери қақтығысты тоқтатып, келіссөз жүргізуге келісті. Бұл туралы Камбоджа премьер-министрі Хун Манет мәлімдеді.

Елдер арасындағы келісімге АҚШ президенті Дональд Трамптың арағайындығымен қол жеткізілді. Бұған дейін ол екі ел басшыларымен телефон арқылы сөйлесіп, бейбітшілікке шақырған. Вашингтон тараптар арасындағы сауда келісімдеріне де қақтығыс тоқтамайынша қол қоймайтынын ескерткен. Камбоджа атысты толық тоқтатуға дайын екенін растады. Таиланд та бұл ұсынысты қолдады.

Еске сала кетейік, бірнеше күнге созылған әскери қақтығыстан 34 адам көз жұмды. Ал шамамен 168 мың тұрғын баспаналарын тастап кетуге мәжбүр болды.