Қазақстанның оңтүстік өңірлеріне су жеткізу мәселелері бойынша бауырлас елдермен келіссөз жүргізілді, деп хабарлайды 24KZ. Бішкекте Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы Адылбек Касымалиевпен кездесті.
Онда Нарын су электр станциялары каскадының, Талас бассейнінің, Киров және Орто-Токой су қоймаларының тамыз айындағы жұмыс режимі талқыланды. Нәтижесінде тараптар бұрын бекітілген келісімдер аясында қуаңшылық пен су көлемін толтыру жөнінде уағдаласты. Ал Ташкентте Қанат Бозымбаев Өзбекстан Премьер-министрі Абдулла Ариповпен кездесіп, екі апта ішінде кестесіндегі кідірісті реттеу бойынша келісім жасасты.