Қазақстандық балуан Жаңажол Қуанышбек грек-рим күресінен жасөспірімдер (U17) арасындағы әлем чемпионы атанды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Турнир Грекия астанасы Афина қаласында өтіп жатыр, ал 16 жастағы Қуанышбек 45 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды.

Финалда ол Қырғызстан балуаны Нуркерим Кумарбековтен басым түсті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kazakhstan Wrestling (@kazwrestling_official)

Айта кетейік, бұған дейін Нұрдәулет Құмарұлы (48 кг), Нұралы Асқар (55 кг) күміс, Шәміл Досбол (65 кг) қола жеңіп алды. Әлем чемпионаты 3 тамызда аяқталады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget