Ұлттық Банктің араласуынан кейін доллар бүгін 5 теңге 42 тиынға түсіп, 1 АҚШ валютасы қазір 540 теңге 78 тиынға саудалануда.

Қаржы нарығындағы ахуалға қатысты бүгін Үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Скляр өз пікірін білдірді. Оның айтуынша, бұған дейін де валюта бағамы талай құбылып, ізінше тұрақталған. Сондай-ақ Роман Скляр Ұлттық банктің үкіметке бағынбайтын жеке құрылым екенін еске салды. Кеше доллар бағамы 550 теңгеден асқан еді. Осылайша төл валюта шілденің басынан бері 5,8 %-ға құнсызданды. Ұлттық банк теңгенің құлдырауына еш негіз жоғын хабарлап, интервенциялық шараларды жүргізді.