Астана БҰҰ агенттіктерімен бірге Өңірлік экологиялық саммитті қабылдайды , деп хабарлайды 24kz.
Ордалы отырыс келесі жылдың сәуір айында өтеді. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев хабарлады. Жиын климаттың өзгеруіне қарсы күрес бойынша бірлескен стратегия мен шешімдерді әзірлеуге арналған алаң ұсынады. Қазақстан ашық және сындарлы диалог үшін жағдай жасауға, сондай-ақ озық тәжірибе және инновациялармен алмасуға дайын.
Айта кетейік, аймақта Арал теңізіндегі экологиялық дағдарыс пен Каспий теңізінің тартылуы сияқты өзекті мәселелер жетерлік. Осыған байланысты мемлекет басшысы өңірлік ықпалдастықты нығайтып, оған Біріккен ұлттар ұйымын белсенді түрде тартуды ұсынған болатын.