Алматы еліміздегі жастар орталығы болып қала бермек. Қазірдің өзінде қалада 11 комьюнити орталық жұмыс істесе, жылдың соңына дейін осындай орталықтың тағы бесеуін ашпақшы. Тамыздың 3-і мен 12-сі аралығында шаһардың барлық ауданында ALMA LOVE деп аталатын үлкен фестиваль өтіп жатыр. Енді Президенттің бастамасымен 18 тамыздан бастап Алматы ресми түрде түркі әлеміндегі жастар орталығы болып та бекітілді. Өңірлік коммуникациялар орталығында өткен пресс-конференцияда Алматының жастар саясаты басқармасының бастығы Азиз Қажденбек осылай дейді.
Алматыда тұратындардың 712 мыңы жастар екен. Бұл — қала тұрғындарының үштен бірі деген сөз. Шаһардағы саясаттың өзі осыған сеп болып жатыр. Соңғы жылдары Алматы жастар саясатына көп көңіл бөліп, жастар қай салада болсын өзін еркін сезінетіндей етіп, барынша жағдай жасап жатыр.
Қазірдің өзінде қалада 11 комьюнити орталық жұмыс істесе, жылдың соңына дейін осындай орталықтың тағы бесеуін ашқалы отыр. Бұлар жастардың өсіп-өнуіне мүмкіндік беретін, кеңесетін, пікір алмасатын, шығармашылығын шыңдайтын, IT-тренингтен өтіп, тіл үйренетін алаң. Бұл орталықтар жасөспірімдерден бастап жас аналарды, NEET санатындағы жастар мен болашақ кәсіпкерлерді қамтыған. Жарты жылдың ішінде осы орталықтарда мыңнан астам іс-шара болып өтіп, 100 мыңнан астам адам қатысыпты оған.
Тамыз айы Алматының жастар саясатындағы бетбұрысқа толы уақыт болды. Тамыздың 3-і мен 12-сі аралығында қалада Бүкәлілемдік жастар күніне орайластырылған жастардың ALMA LOVE дейтін үлкен фестивальі өтіп жатыр. Қаланың 8 ауданын қамтитын фестиваль он күн бойы өтіп, онда әртүрлі концерттер, квестер мен интеллектуалдардың баттлы ұйымдастырылады. 12 тамыз күні ашық аспан астында концерт қояды. Мұнда жастар танымал әртістермен бір сахнада өнер көрсетіп, көш бастап, ерікті болып қызмет еткен еңбегі үшін марапатталады. Соңына таман көрермендер "Алматы – менің алғашқы махаббатым" дейтін жағы жарық шоуды тамашалайды.
Екінші маңызды күн — 18 тамыз. Осы күні Алматы ресми түрде Түркі әлемінің Жастар астанасы мәртебесіне ие болады. Түркі мемлекеттері ұйымының шешімімен берілген бұл атақ — қаланың жастар саясаты саласындағы жүйелі әрі ауқымды жұмысын мойындағаны. Салтанатты рәсім аясында түркі әлемі елдерінің жастар делегациялары қатысатын үлкен мәдени фестиваль өтеді. Қонақтар концертті тамашалап, VR-күйді тыңдап, этно-баттлдарды, стартап-аймақтарды, интерактивті алаңдарды көріп, шеберлік сабағына қатысады. Іс-шараның ең қызықты сәтінде — Алматыны жастар ынтымақтастығы мен идеяның орталығы деп танитын символикалық кілт табыс етеді.
Бұл қаланы жаңа жобаларға ынталандыратын платформа, халықаралық байланыстарды нығайтып, мәдениет алмасуды кеңейте түсетін зор мүмкіндік. Жастарды саясатқа араластырмай-ақ, солардың күшімен қаланы көркейтіп, креативті кеңістік құруға болатынын Алматы іс жүзінде дәлелдеді.
Алматы әкімдігі ұсынған материал