Алға – Ақтөбе тасжолында Toyota Camry және Toyota Highlander автокөліктері соқтығысты , деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Жол апатынан Toyota Camry автокөлігінің төрт жолаушысы қаза тапты, ал Camry жүргізушісі мен Highlander автокөлігінің бір жолаушысы ауруханаға жеткізілді», – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Аталған факті бойынша ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Тиісті сараптамалар тағайындалып, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Полиция жүргізушілерден жол жүру ережелерін қатаң сақтауды, жолда мұқият әрі жауапты болуды сұрайды.