Apple компаниясы АҚШ экономикасына 600 миллиард доллар инвестиция салатын болды, деп хабарлайды 24kz.

Бұл осыған дейін аталған сомадан 100 миллиард долларға артық. Мәлімдеме компанияның бас директоры Тим Кук пен АҚШ президенті Дональд Трамптың Ақ үйде өткізген брифингінде айтылды. Қаражат Америкалық технологияларды дамытуға жұмсалады. Трамптың айтуынша, бұл iPhone смартфондарын АҚШ-та шығару бойынша қолға алынған маңызды қадам. Қазір бұл құрылғы Қытай мен Үндістанда жиналады. Алайда микросхемалар, әйнек және Face ID модульдері сияқты негізгі бөлшектер АҚШ-та жасалып жатыр.

Дональд Трамп, АҚШ президенті:

- Бұл инвестиция Америкада 20 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашады. Сонымен қатар Apple компаниясы iPhone өндірісі үшін ел ішіндегі жеткізу тізбегіне жұмсалатын шығындарды едәуір арттырады. Осы мақсатта біз Кентукки штатының Харрисбург қаласында әлемдегі ең ірі және заманауи смарт-әйнек шығаратын зауыт салмақпыз.