Ливан үкіметі « Хезболла » ұйымын қарусыздандыру туралы АҚШ жоспарын бекітті.

Оған сай барлық қару-жарақ ел армиясына тапсырылуы тиіс. Есесіне Израиль Ливанның оңтүстігіндегі әскерін шығаратын болады. Бірақ қозғалыс өкілдері үкіметтің шешіміне келіспей отыр. Жоспарға дауыс беру кезінде «Хезболла» жақтастары залдан шығып кеткен. Олар министрлер кабинетін АҚШ пен Израильдің қысымына көніп отыр деп айыптады. Десе де үкімет Ұлттық армия басшылығына ұйымды қарусыздандыру бойынша жоспар әзірлеуді тапсырды.