Алматы облысында әскери тікұшақ апаты болған жерден әуе кемесінің ішінара сынықтары мен бір адамның мәйіті табылды.
Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлады. Ведомство мәліметінше, спутниктік деректер негізінде жүргізілген математикалық есептеулер әуе кемесінің ықтимал орналасқан аумағын анықтауға мүмкіндік берген. Аталған ауданға жедел түрде іздеу топтары мен арнайы техника жөнелтілді. Шамамен 14 метр тереңдікте әскери қызметшілер тікұшақ бөліктері мен адам денесін тапқан. Қазір сәйкестендіру рәсімі жүріп жатыр. Іздеу жұмыстары су астындағы көрінудің нашарлығы мен лайлы тұнбалардың болуына байланысты күрделене түскен.
Еске сала кетейік, бұған дейін ЕС-145 әскери тікұшағы 25 шілдеде Луговой елді мекенінен жоспарлы ұшу кезінде үш экипаж мүшесімен бірге жоғалып кеткен еді.