Павлодарда күніне 15 адам интернет алаяқтың арбауына түседі. Кибер-полицияның мәліметінше, жыл басынан бері 1200 тұрғын алданып қалған. Жалпы сомасы 3 млрд теңге алаяқтардың шотына түскен.
Олар өзін банк қызметкері немесе байланыс операторының өкілі ретінде таныстырып, адамдардың сеніміне кірген. Тіпті құқық-қорғау органдарының атын жамылып, қоңырау шалатындар бар. Интернет қылмыстың көбі шетелдік платформалар арқылы жасалады. Сондықтан оларды ұстау қиын. Тіркелген істің 25 пайызы ғана ашылады-дейді мамандар. Қазір полицейлер киберқылмыстың алдын алу үшін, ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізіп жатыр. Мысалы спорт алаңдарында жасөспірімдермен кездесу өткізіп, сақтық шаралары туралы айтты. Үйдегі ата-анаға да, балалар арқылы жеткізуді көздейді. Айта кетейік, интернет алаяқтарға жаза күшейтілді.
Сүйіндік Қайырбаев, облыстық ПД Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі:
- Жас спортшылармен профилактикалық іс-шара өткізгенбіз. Оларға интернет алаяқтардың түрлері, айлалары туралы түсіндіргенбіз және де дропперлар туралы айтқанбыз. Дропперлар ол өзінің банктік карточкаларын біреуге беріп, өздерінің шотына шот аударып, қылмыстық жазаға тарту мүмкін екенін түсіндіргеміз. Өйткені дроппер біздің заңнама бойынша 1 шілдеден бастап қылмыстық жазаға тартылатын болуда.