АҚШ-тың Теннесси штатында жаңбыр толастар емес.
Айнала көлкіген су. Ақжауын үш адамның өіліміне себепші болды. Тағы бір тұрғын із-түзсіз жоғалып кеткен. Ең көп зиян шеккен Чаттануга қаласында бір тәулікте 160 миллиметрден астам ылғал түскен. Бұл айлық нормадан бір жарым есе көп. Су басқан аумақ тұрғындарын құтқарушылар қайықпен тасып жатыр. Аймақтағы жолдар жабық. Жергілікті билік төтенше жағдай жариялап, тұрғындарды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.