Қазақстандық теннисші, WTA рейтингінің 10-шы нөміріндегі Елена Рыбакина АҚШ-тың Цинциннатиде өтіп жатқан WTA 1000 сериялы турнирінде кезекті жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

1/8 финалда Рыбакина жергілікті фаворит, әлемнің алтыншы ракеткасы Мэдисон Кизбен кездесті. Қазақстандық спортшы алғашқы сетте тай-брейкте 6:7 (3:7) есебімен ұтылғанымен, кейінгі екі сетте 6:4, 6:2 нәтижесімен жеңіске жетіп, ширек финалға жолдама алды.

Бұған дейін Цинциннатиде Рыбакина мексикалық Рената Сарасуаны (70-орын) — 4:6, 6:0, 7:5 және бельгиялық Элизе Мертенсті (22-орын) — 4:6, 6:3, 7:5 есебімен тізе бүктірген болатын. Келесі кезеңде 27 жастағы Беларусь теннисшісі, әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенкомен бәсекелеседі.

Айта кетейік, биылғы турнирдің жүлде қоры 5 152 599 АҚШ долларын құрайды. Жеңімпаз 752 275 доллар сыйақы мен 1000 рейтингтік ұпайға ие болады.