Қостанай облысында 5,1 млн га алқапта ерте пісетін бидай, арпа, сұлы, жем-шөпті жинау басталған, деп жазады Egemen.kz.
Егін жинау науқанына 7,9 мың астық жинайтын комбайн және 8,2 мың жүк автомобильдері пайдаланылады.
Қостанай облысында күзгі дала жұмыстары үшін 83 мың тонна дизель отыны бөлінген. Оның 15,6 мың тоннасы шілде айында қолжетімді болған, ал 29,6 мың тоннасын беру тамызға жоспарланған. Жеткізуді 20 оператор, соның ішінде өз ресурстарын пайдаланатын бес кәсіпорын қамтамасыз етеді.
Өңірде жаңа егінді сақтау үшін жалпы сыйымдылығы 3 млн тонна болатын 34 лицензияланған астық қабылдау кәсіпорны жұмыс істейді. Тағы 5,3 млн тоннаны шаруашылық жүргізуші субъектілердің қоймалары қамтамасыз етеді. Сонымен қатар облыста егінді сақтап, салу үшін 415 астық кептіру агрегаты орнатылған.