Израиль әскері кейінгі бір тәулікте Газа секторына 100-ден аса соққы жасады. Салдарынан 60-тан аса адам көз жұмды. Жергілікті денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, шабуылға босқындар лагері ұшыраған.
Бірақ еврей елінің қарулы күштері тек ХАМАС инфрақұрылымдарын ғана атқылағанын айтады. Өткен аптада Израиль Газада жаңа ауқымды әскери операциясын бастап шабуылдарын үдете түскен.