Шымкентте қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Руслан Берденовтен жауап алынды.

Процеске онлайн режимде қатысқан қала әкімінің орынбасары өзіне қатысты жаланы жоққа шығарды. Айтуынша, ол айыпталушы Ернар Жиембайды бар-жоғы үш рет көрген. Алғашқы екі кездесуі жұмыс жиналыстарында өтіп, араларында ешқандай жанжал болмаған. Ал бұған дейін сотталушы ар-намысының тапталғанын мәлімдеген. Прокурор сот тергеуінде Ернар Жиембайдың кінәсі толық дәлелденді деген пікірмен оны 11 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сот үкімі әлі шыққан жоқ. Еске салайық, биыл сәуірде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке әкімдік ғимаратының маңында бес рет оқ атылып, күрделі операция жасалды.