Оралда жаңа оқу жылы қарсаңында техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері мамандарының алқалы жиыны өтті.
35 колледждің педагогтары өзара тәжірибе алмасып, әріптестік байланысты нығайтты. Жас мамандар слёті өңірде 2016 жылдан бастап өтіп келеді. Биылғы жиын жұмысшы мамандықтар жылына орайластырылып, кәсіптік білім беруді дамыту тақырыбына арналды. Облыста алдағы үш жылда «Жас педагогтің 3D моделі: Даму – Дидактика – Деректер» тақырыбында әдістемелік жоба жүзеге аспақ.
Елдос Сафуллин, БҚО білім басқармасының басшысы:
- Біздерде облыста 3 колледж бар, 70-ке тарта мамандық бар, 14 мыңнан астам студенттер білім алып жатыр. Кәсіптік техникалық білім беру саласы өз алдына үлкен педагогиканың саласы. Бұл жерде көптеген педагогтар білім беріп жатыр. Олардың да өзінің тәжірибелерін алмасып, идеяларын бөлісіп, еңбек өнімділіктерін арттыруға арналған сондай шара үлкен.