Елде спортшылар мен жаттықтырушылар үшін ай сайынғы төлемдердің бірыңғай жүйесі енгізілді, деп хабарлайды 24kz.

Яғни, ұлттық құрама мүшелері мен бапкерлерінің жалақы мөлшерін бекіту туралы бұйрық күшіне енді. Мәселен ай сайынғы төлем 5-тен 250 айлық есептік көрсеткішке дейінгі аралықта белгіленген. Жаңа жүйе инфляцияны ескеріп отырып, төлем сомасын жыл сайын қайта қарауды қажет етпейді. Және қаржыландыру көлемін автоматты түрде түзетуге мүмкіндік береді.

Асылжан Тілеужанұлы, бокстан Қарағанды облысы жастар құрамасының бас бапкері:

- Бұрынғы уақыттарда Қазақстан чемпиондарына және жүлдегерлеріне қаржылық ай сайынғы төлем төленетін. Бұрындары әр облыста әр түрлі сомада берілетін. Жаттықтырушыға да, спортшыға да. Қазір жаңа реформа шығып, барлығы теңесіп жатыр. Барлық облысқа бірдей сома берілетін болды.