Үржар ауданындағы жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен бір баланың миына күрделі нейрохирургиялық операция жасалды .

Оның ішкі ағзасынан қан кетуі тоқтатылды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Қазір стационарда үш бала бар, біреуінің жағдайы өте ауыр. Балаларға медициналық қызмет көрсету үшін ұлттық нейрохирургия орталығынан үздік мамандар жіберілді. Жағдай тұрақталғаннан кейін оларды әуе бортымен Астанаға жеткізу мәселесі шешілді.