Астанада Кенесары ханның ескерткіші қайта орнатылды . Бұл туралы әлеуметтік желіде Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин мәлімдеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Астанадағы Кенесары ханның ескерткіші жөндеу жұмыстарынан өтіп, қайта орнатылды! Қазір ескерткіш айналасында абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр", — деп мәлімдеді ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Erlan Karin (@erlankarin2019)
Еске салайық, былтыр Астанада Есіл өзені жағасында орналасқан Кенесары хан ескерткіші қайта жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін бұзылатыны хабарланды.
Ғылыми-техникалық зерттеу нәтижелеріне сәйкес нысан апат жағдайында деп танылған еді. Іргетасы құлауы мүмкін екені де айтылды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!