Испанияның жағалау күзеті Канар аралдары маңында 248 мигрантты құтқарды.
Босқындар арасында әйелдер мен балалар бар. Қазір құтқарылған азаматтарға медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Дәрігерлер кейбірінің халі мүшкіл деп отыр. Айта кетейік, Атлант мұхитындағы мұндай заңсыз көші-қон бағыты ең қауіпті жолдардың бірі саналады. Мигранттар мінген ағаш және үрмелі қайықтар толқынға шыдамай жиі апатқа ұшырайды.