Ел мектептерінде жол ережелерін оқытатын сабақ енгізу қажет. Ішкі істер министрлігі осындай ұсыныс жасап отыр, деп хабарлайды 24kz.
Ведомство қазіргі бағдарламада бұған тиісті назар аударылмай отырғанын жеткізді.
Айта кетейік, биыл 7 айда 176 бала жол апатынан қаза тапты. Зардап шеккендердің жартысынан көбі жолаушы болған. Қалғандары — жаяу жүргінші. Оның ішінде велосипед, мопед және самокатпен жүргендер де бар. Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтановтың айтуынша, көп жағдайда ересектер балаларға арналған қауіпсіздік белдіктерін қолданбайды.
«Балалардың рұқсат етілмеген жерден немесе бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетуі де жол апатына әкеледі», — дейді мамандар.
Қайсар Сұлтанбаев, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасы:
- Кәмелетке толмағандардың кінәсінен болған жол апаттарында 17 бала қайтыс болды. 200-ден астамы әртүрлі дене жарақатын алған. Ішкі істер министрлігі мектеп бағдарламаларында жол ережелері бойынша сабақтарды жеке міндетті пән ретінде енгізуді ұсынады. Өйткені оның артында балалардың өмірі тұр. Өз көзегінде мұнай сабақтарда заңға бағынатын мінез-құлық нормаларын сіңіріп, өзі жүргізуші болғанға дейін, есейген сайын жол қауіпсіздігіне жағымды әсер етеді.