Астанада бірнеше автобустың қозғалыс схемасы өзгерді. Бұл туралы Сity Transportation Systems мәлімдеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
№ 35, 305, 312 маршруттар Қорғалжын тасжолы бойындағы "Керемет" монша кешені, "Көлсай" ТК және "Сарыарқа" автоорталығы" аялдамаларына уақытша тоқтамайды.
26 мамырда № 17, 36, 44 маршруттардың қозғалыс сызбалары уақытша өзгереді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз