Ұлыбританиялық журналист және Sky Sports UK телеарнасының бұрынғы жүргізушісі Пол Гилмор "Қайраттың" Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне тарихи жолдама алуына қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматылық клуб тарихында алғаш рет турнирдің финал кезеңіне өтіп, плей-офф раундында "Селтикті" пенальти сериясында жеңді.
"Селтикке" қарсы жеңіс – таңғаларлық нәтиже! Барлығы қазір дағдарыста "Рейнджерс" деп ойлаған еді. Ал шын мәнінде "Селтик" Глазгодағы көршілеріне қарағанда әлдеқайда тұрақты және Чемпиондар лигасында үлкен тәжірибеге ие. Брендан Роджерс командасынан еш қиындықсыз келесі кезеңге өтуді күткен болатын", – деді Гилмор BorodAbata.kz (AS News) порталына берген сұхбатында.
Журналист еуропалық командалар үшін алыс сапарлардың маңыздылығына тоқталды:
"Егер Еуропаның алып клубтары шынымен аптаның ортасында ұзақ сапарға шығып, жігерленіп алған аутсайдерге қарсы ойнағанды ұнатпайды. Бұл клуб басты еуропалық турнирдің финалдық кезеңіне жолдама алып отыр".
Негізгі кезеңде "Қайрат" мына командалармен кездеседі: мадридтік "Реал" (үйде), миландық "Интер" (қонақта), бельгиялық "Брюгге" (үйде), лондондық "Арсенал" (қонақта), грек "Олимпиакосы" (үйде), лиссабондық "Спортинг" (қонақта), кипрлік "Пафос" (үйде) және даттық "Копенгаген" (қонақта).
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз