Алатау қаласына Үкіметке тікелей бағынатын арнайы мәртебе беру туралы жарлық жобасын 10 күн ішінде дайындау қажет. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында мәлімдеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Президенттің айтуынша, Қытайға сапары барысында әлемдік деңгейдегі компаниялармен миллиардтаған келісімдер жасалған. Соның бірі жаһандық Shenzhen технополисін салуға қатысқан және ол Alatau City жобасын жүзеге асыруға атсалысады.
"Келесі қадам Alatau City үшін берік институционалдық негіз құру болуға тиіс. Қалаға Үкіметке тікелей бағынатын арнайы мәртебе беру туралы жарлық жобасын 10 күн ішінде дайындау қажет", — деді Мемлекет басшысы.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз