Цифрлық теңгені республикалық және жергілікті бюджетте, мемлекеттік холдингтердің бюджетінде пайдалану қажет. Бұл туралы Президент жолдауда айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев цифрлық активтердің толыққанды экожүйесін жылдам қалыптастыруды тапсырды.

Нысаналы Ығыл, тілші:

- Биыл Президенттің 8-ші мәрте халыққа жолдауы екен. Әр жолдау әлемдегі және елдегі жағдайға байланысты әр түрлі сипатта өрбиді. Негізі күз түсісімен ел елорда жаққа елеңдеп отыратыны түсінікті. Жаңа саяси маусымнан жаңалық күтеді. Олай болса жаңа бағдарымыз "жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселе және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу" тұрғысында. Цифрлық кодексті қабылдап, криптоактивтерді пысықтау керек. Бұның бәрі заман талабы. Сондай-ақ инвестиция. Оның басым бөлігі қазір шикізат саласына тартылады. Бірақ, өңдеу саласын көтермей, елдің еңсесі де көтерілмейді,-деді Президент. Айтпақшы, Алатау қаласы да ауыздан әрі аспаған жобаға айналып барады. Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке оның мәртебесін 10 күнде бекітуін әрі жарты жылда арнайы заң қабылдауды тапсырды. Қысқасы Alatau City аймақтағы толық цифрланған және тауарлар мен қызмет ақысын криптовалютамен төлеуге мүмкіндігі бар қала қалыптастыру қажет.