Астанада бір көше он шақты күнге ішінара жабылады. Бұл туралы қала әкімдігі мәлімдеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әкімдік мәліметінше, Ш.Айтматов көшесінде Қорғалжын тасжолынан Ш.Қосшығұлұлы көшесіне дейінгі учаскеде жол жамылғысына орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
"Сондықтан 10-22 қыркүйек аралығында осы учаскеде көлік қозғалысы кезең-кезеңімен ішінара шектеледі. Сонымен қатар, екі бағытта жолдың бір жағымен көлік қозғалысы ұйымдастырылады. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден осы өзгерістерді ескеруді сұраймыз", — деп жазылған хабарламада.
  
 
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
  
          
 
                         
                                 
                                             
                                             
                                            