Қалада аумағы мың шаршы метр болатын мұндай нысан соңғы 30 жылда бірінші рет салынып отыр, деп хабарлайды 24kz.
Жаңа мекемеге автоцистерналар, өрт сөндіру көліктері мен құрылғылар берілді. Бөлімшеде 35 құтқарушы жұмыс істейді. Оның ішінде апатты медицина орталығының бригадасы бар. Ашылу салтанатында өрт сөнірушілерге жол таңдамайтын көлік пен басқа да арнайы техника табысталды. Төтенше жағдайлар министрі өңірде азаматтық қорғаныс жүйесін дамытуға ерекше мән берілгенін айтты. Төтенше жағдайлар департаментінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға бір миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Оған 200-ден астам заманауи техника алынды.
Шыңғыс Әрінов, ҚР Төтенше жағдайлар министрі:
- Бұл бірінші қадам. Әкіммен бірлесіп жоспар құрып жатырмыз. Осы Абай өңірінде тура осындай өрт сөндіру бөлімдерін, құтқару бөлімдерін бүкіл өңір бойынша салатын ойымыз бар. Алакөлде құтқару станциясы және де шалғай ауылдарда осындай деполар салатын ниетіміз бар. Абай өңірінде баспана мәселесі өте өзекті. Біздің құтқарушыларға, әсіресе. Соны ескере отырып, біз қызметтік баспана салуға жоспарлап құрып жүрміз.