Танымал әнші Тоқтар Серіковтың мектеп түлегі атанған тұңғыш ұлы Бек-Олжасқа әкелік тілегін арнады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әнші ұлына арнап жүрек жарды жазбасын жариялады.

"Ал құлыным, құтты болсын. Сенің кеше ғана мектеп табалдырығын аттап, оқушы атанғаныңды көріп кеудемді мақтыш кернеген сәт есімде. Шүкір Аллаға бүгін мектеп босағасынан жігіт болып жаңа өмірге қадам басқалы жатырсың. Бұл білім ордасын яғни мектебіңді есейдім екен деп есіңнен шығарма балам. Дәл осындай мектепке менде қарызбын. Босағасын аттаған бар адамзат қарыз балам.Тарыдай болып кіріп,таудай болып шықтың балам. Біріші Аллаға,екінші оқытқан барша ұстаздарыңа ризамын, және алғыс айтам. Балам алдымен аман бол содан соң адам бол. Білімді болсаң биіктер өзі шақырады. Мен саған сенемін құлыным. Ата анамды риза етемін деме,елімді риза етемінде ішінде біз бармыз балам. Әрі қарайда жоғарғы оқуыңды жақсы оқитыныңа бек сенімдімін Бек-Олжас", — деді Тоқтар Серіков.