Түркістан облысының Келес аудандық сотында дамуында ауытқуы бар 24 жастағы жігіттің зорлануына қатысты іс бойынша сот үкімі шықты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға қалай болған?

Бұл оқиға туралы 2025 жылғы наурызда "НеМолчи.kz" қорының жазбасынан белгілі болды. Ұйымның деректеріне сүйенсек, даму деңгейі 4 жастағы баланың деңгейіне сәйкес 24 жастағы жігіт жылдар бойы туысқандары мен көршілерінің зорлық-зомбылығына ұшыраған.

Жәбірленушінің анасы қылмысқа алты адамның, соның ішінде кәмелетке толмағандардың да қатысы бар екенін айтқан. Алайда айыпталушылар орындығында жігіттің кәмелетке толған үш туысқаны ғана отырды.

Сот үкімі

Сот отырысы жабық режимде өтті. Екі айыпталушы бірнеше рет жасалған топтық зорлау бойынша (ҚК-нің 121-бабы 2-бөлігі 1 және 4-тармақтары), үшіншісі топтық зорлау және ұрлық бойынша (ҚК-нің 121-бабы 2-бөлігі 1-тармағы; ҚК-нің 188-бабы) айыпталды.

Жәбірленушінің адвокаты Гүлайхан Тұрcыманованың сөзінше, сот үшеуін де тоғыз жылға бас бостандығынан айырған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget