АҚШ-тың Теннесси штатындағы әскери жарылғыштар шығаратын зауытта жойқын жарылыс болып, 19 адам опат болды .

3 кісі жеңіл жарақат алды. Апат жұма күні таңғы сағат 8 шамасында Нэшвилл қаласының батысындағы өндіріс орнында болды. Қазір жарылыстың себебін анықтау үшін АҚШ Федералды тергеу бюросы мен зауыттың жауапты басқармасы тергеу жүргізіп жатыр.

Крис Дэвис, Хамфрис округінің шерифі

- Зауыттағы жарылыстың жойқын болғаны сонша, бір ғимарат толығымен жермен жексен болды. Ішіндегі адамдар қаза тапты. Біз олардың отбасыларына бірден хабар бердік. Қазір оқиға орнында ұсақ жарылыстар болу қаупі бар. Сол себепті күзет күшейтілді. Бұл қарапайым апат емес. Сондықтан тергеу ұзаққа созылауы мүмкін.