Қарағайлы ықшам ауданында салынып жатқан жаңа саябақта қарағай көшеттері егілді. Іс-шараға облыс әкімі Берік Уәли қатысты. Сондай-ақ әуежайға баратын жол бойында да көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Оған қала тұрғындары мен мемлекеттік мекемелердің 100-ге жуық қызметкерлері атсалысты.
Марат Теміржанов, Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы:
Таза Қазақстан аясында үлкен ауқымды жұмыстар жүріп жатыр. Осы жерде шырша егіліп жатыр, тағыда жақсы өсетін талдар салынып жатыр. Тұрғындардың белсенділігі қала бойынша халықтың береке-бірлігімен осы қаламыз тазаланып жатыр.
«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында өңірде жүйелі жұмыс атқарылып жатыр. Абай облысында 44 іс-шарадан тұратын өңірлік жоспар бекітілген. Эко шараға өңір халқы да белсенді атсалысуда.
Асар Төлеубек, Семей қаласының тұрғыны:
Қаламыздың тұрғыны ретінде ең алғашқы міндетім деп санаймын өзім. Себебі болашақта өзім тұрып жатқани мекенім таза,көгалды болып тұрса жайлы болып тұрса неге шықпасқа сенбілікке. Енді алдағы уақытта бұл көшеттер жайқалып, қаламызға ерекше көркемдік береді деген ойдамын.
Айгерім Бабаева, Семей қаласының тұрғыны:
Отырғызылған ағаштар енді біздің экологиямызды жақсартады. Аудан тұрғындарының таза ауамен демалуына және балалардың денсаулығына жақсы әсер етеді.
Жыл басынан бері өңірде 57 мыңнан астам жасыл желек егілді. Бағдарлама шеңберінде экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен табиғатты қорғау бағытындағы шаралар әлі де жалғасады.
Рүстем Қайратұлы, Мәди Базарбеков, 24kz