Солтүстік Корея құрлықаралық зымыранын жасады.
«Хвасон-20» деп аталатын баллистикалық қару Корея Еңбек партиясының 80 жылдығына орай ұйымдастырылған әскери парадта алғаш рет көрсетілді. Елдің Қарулы күштері кез келген қауіп-қатерге төтеп беріп, кез келген нысанға жете алады, деді әскер алдында сөз сөйлеген мемлекет басшысы Ким Чен Ын. Пхеньяндағы парадқа сондай-ақ Қытай премьері Ли Цян, Вьетнам Коммунистік партиясының бас хатшысы То Лам және Ресей Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев қатысты.