Газа секторын қайта қалпына келтіру үшін 70 млрд АҚШ доллары қажет. Бұл туралы Біріккен Ұлттар ұйымы Даму бағдарламасының жетекшісі мәлімдеді.
Әсіресе Газа қаласында ахуал күрделі. Шаһардағы ғимараттардың 92%-ы бүлінген. Ал қайта қалпына келтіру жұмыстарына ұзақ уақыт қажет. «Өйткені қыруар қаражатты тез арада жинау мүмкін емес», — дейді ұйым өкілдері. Бірақ бұған дейін АҚШ, Еуропа және араб елдері тиісті қаржыны жинауға көмектесетінін мәлімдеген.