Оңтүстік Корея үкіметі Камбоджаға арнайы жұмыс тобын жіберді.
Кейінгі жылдары камбоджалық алаяқтардың жалған жұмыс орнына шақырту жіберіп, елге келген азаматтарды ұрлау мәселелері жиілеп кеткен. Ресми деректерге сәйкес, онда 200 мыңға жуық шетелдік құлдыққа түскен. Олардың қатарында Оңтүстік Кореяның 1 мыңнан астам азаматы бар. Арнайы топ мәселені шешу жолдарын қарастырмақ. Айта кетейік, бұл шешім тамыз айында болған қайғылы оқиғадан кейін қабылданған. Камбоджаға жалған жұмысқа алданып барған кореялық студент қаза тапты. Елдегі БАҚ оның қысым көріп, азаппен көз жұмғанын хабарлады.