Абылайхан Жүсіпов Семейде бокстан өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

70 келіде жұдырықтасатын былғары қолғап шебері финалда алматылық боксшы Фарух Тоқтасыновты 5:0 есебімен жеңді.

Еске сала кетейік, Абылайхан Жүсіпов – әлемнің үш дүркін жүлдегері, Азия чемпионы, Олимпиада ойындарының қатысушысы