Жыл басынан бері елде 60 бала терезеден құлап кеткен. Төтенше жағдайлар министрлігінің дерегінше , бес бала алған жарақатынан көз жұмды. Ал 55 бүлдіршін түрлі жарақатпен ауруханаға түсті. Өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда, жазатайым оқиғалар биыл 4 есе көбейген. Мамандар әсіресе, көктем мен жаз айларында сақ болуды ескертеді. Сондай-ақ құтқарушылар кішкентай балаларды жалғыз қалдырмауға және терезеге бекіткіш құралдарды орнатуға кеңес береді.

Динара Жарқынбек