29-31 қазан аралығында Астанада тректегі велоспорттан Astana Open Series I & II (CL2) халықаралық турнирі өтеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жарысқа Қазақстанның мықты велотрекшілерімен қатар, шетелдік спортшылар да қатысады. Турнир ерлер және әйелдер арасында жекелей, командалық сайыс бойынша өтеді.
Атлеттер әлем чемпионаттары мен Олимпиада ойындарына қажет UCI ұпайларын сарапқа салады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!