Республика күніне орай елде «Republic Day» акциясы басталады.
Сауда және интеграция министрлігінің бастамасы аясында сауда нысандары алдағы үш күн жеңілдіктер науқанын жариялайды. Осы аралықта азаматар сұранысқа ие тауар түрлерін нарықтағы құнынан 10-70 пайыз төмен бағада сатып ала алады. Акцияға елдегі 220-ден астам кәсіпкерлік субъектісі, супермаркеттер мен онлайн-маркетплейстер қатысады.