Қазақстанда жыл сайын 40 мыңға жуық адам инсульт алады.

2024 жылы елде 49 мыңға жуық адам инсультпен ауырған, оның 11,8%-ы ауруханада көз жұмды, ал 6,1%-ы ауруханадан шыққаннан кейін бір ай ішінде қайтыс болған. Мамандардың айтуынша, инсультті емдеудің негізгі факторы-уақытылы медициналық көмек көрсету. Науқас неғұрлым ерте көмек алса, мүгедектік қаупі соғұрлым төмен болады. Жалпы өлім мен мүгедектікке әкелетін себептерінің бірі инсульт.

Әлемде жыл сайын 12,2 миллионнан астам инсульттің жаңа жағдайы тіркеледі. Қазір 101 миллионнан астам адам инсульттің салдарымен өмір сүріп жатыр. Жыл сайын шамамен 6,5 миллион адам осы дерттен қайтыс болады.

2024 ж. 49 мың адам инсульт алды

11,8% ауруханада көз жұмды

Әлемде жыл сайын

12 млн жаңа жағдай тіркеледі

6,5 млн адам инсульттен көз жұмады