Республикалық шығармашылық байқау мәресіне жетті. Мемлекет басшысының бағдарламалық мақаласын қоғамға кеңінен насихаттау үшін ұйымдастырылған шараға 500-ден астам өтініш келіп түскен. Қазылар алқасы соның ішінде 100 адамның баяндамасын үздік деп таныған. «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты конференция аясында жеңімпаздарға диплом мен арнайы төсбелгі табысталды. Ал шараның мақсаты – тәуелсіздік жылдары өз мамандығының хас шебері атанып, еліміздің дамуына үлес қосып жүрген азаматтарды қоғамға кеңінен насихаттау, жастарға үлгі ету.