Бөлімдер
Актуалды

Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақылар өсе ме?

Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақылар өсе ме?

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова қазақстандықтарға зейнетақы мен әлеуметтік төлемдердің қашан өсетіні жөнінде сұраққа жауап берді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта мемлекет өзіне алған барлық әлеуметтік міндеттемелерді орындап отыр.

“(Екінші жартыжылдықта – ред.) қосымша өсім болмайды. Индексация жылдың басында өтті, 1 қаңтардан бастап барлық азаматтар арттырылған мөлшерде төлем алып жатыр”, – деді Жақыпова.

Келесі өсім қашан болатынын біз нақтылап сұрадық.

“Келесі рет төлемдер 2026 жылы өседі. 2025 жылдың екінші жартысында әзірге өсім қарастырылып отырған жоқ”, – деп жауап берді министр.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget