Бүгін АҚШ Президенті Дональд Трамп,.. Венесуэла мәселесі бойынша шұғыл жиын өткізеді. Мұны CNN телеарнасы хабарлады. Басқосуға Пентагон басшысы Пит Хегсет, Мемлекеттік хатшы Марко Рубио және Ақ үйдің аппарат басшысы Сьюзан Уайлс қатысады. Осыған дейін Президент Трамп, Венесуэла басшысы Николас Мадуроға ультиматум қойған болатын.
Рейтер агенттігінің дерегі бойынша, телефон арқылы сөйлескен екеуара әңгімеде,.. оған биліктен кетуге 1 апта уақыт берген. Бұл талаптың мерзімі 28-ші қарашада аяқталды. Келесі күні Ақ үй басшысы Венесуэланың әуе кеңістігін ұшуға қауіпті аймақ деп жариялады. Алайда, Президент Мадуро АҚШ-тан санкциялардан босатып, қудаламауға кепілдік беруін талап еткен. Айта кетейік, Құрама Штаттар,.. Кариб бассейнінде 2-ші қыркүйекте есірткі саудагерлеріне қарсы арнайы операция бастады. Вашингтон латын америкалық қылмыстық топтарды Президент Мадуроның өзі басқарады, — дейді. Қазір Венесуэланы 15 мың америкалық сарбаз бен 20 әскери кеме қоршап тұр. Тіпті Джеральд Форд деп аталатын әлемдегі ұшақ таситын ең үлкен әскери кеме де осында келген.