Global Cities Index 2025 бойынша, әлемдегі ең үздік 3 қала – Нью-Йорк, Лондон және Париж.

Oxford Economics жыл сайынғы Global Cities Index үздік қалалар рейтингінің 2025 жылғы жаңартылған нұсқасын жариялады. Тізімге әлемнің мың қаласы енсе, олардың қатарында қазақстандық үш қала бар. Олар: Алматы (258-орын), Астана (276-орын) және Шымкент (534-орын).

Оның ішінде Астананы өңірдің көшбасшылары тізіміне енген 66 қаланың қатарынан да көруге болады.

Орта Азия елдерінен тізімде Ташкент (471-орын), Бішкек (534-орын), Ашхабад (623-орын) және Душанбе (683-орын) қалалары бар.

Ал әлемдік үздік қалаларының ондығына Нью-Йорк, Лондон, Париж, Сан Хосе, Сиэтл, Мельбурн, Сидней, Бостон, Токио, Сан Франциско қалалары енген.

"Үздік қалалардың 2025 жылғы жаһандық индексін анықтауда олардың экономикасы, адам капиталы, өмір сапасы, қоршаған ортасы және қаланы басқарудың ерекшеліктері негізге алынды. Аздаған өзгерістерге қарамастан, қалалардың рейтингі тұрақты болып қалып отыр. Мәселен, үздік он қаланың қатарындағы сегізі (Сидней мен Бостоннан басқалары) өткен жылы да осы ондықта болды. Ал Нью-Йорк пен Лондон екі жыл қатарынан ең үздік қалалар болды", – делінген рейтингте.


Оқи отырыңыз:

Әлем қалаларының үздік ондығы. Рейтингі жоғары қалалар туралы қызық деректер