«Нұрғанат Ғайыпбаев мылтықпен шықты. Бірақ қарудан бізге қарата оқ ата алмады». Сотталушылардың бірі Нұрқияс Ілясов аудиожазбада осылай деп мәлімдеген. Бүгін Шерзат ісіне қатысты сот отырысында жәбірленуші тараптың адвокаты Мейрман Шекеев сотталушылардың көлігіндегі аудиожазбаның мәтінін баяндады.
Сотталушы Нұрқияс Ілиясов аудиожазбада Шерзаттың анасын балағаттап, ұрып жібергенін де айтады. Артынша сотталушы Абзал Шынасыл куәгер деп танылған Арлан Қазыкеновтен оқиға жайлы ешкімге тіс жармауын сұраған. Көлікте олармен бірге оқиғаға қатысы бар Эльмира Нұрбекова мен Дана Жақсыгелді де болған. Сот залында есеңгіреп қалқандықтан есімізде жоқ деп жауап берген олардың, көлікте сөздері анық естіледі. Сондықтан қорғаушы Мейрман Шекеев куәгерлерді шақырып қайта жауап алуды сұрады. Бірақ Судья Жанұзақов бұл өтінішті негізсіз деп таныды. Бұл жолы да процеске марқұм Шерзаттың отбасы мен жақындары қатыса алмады. Сот отырысы түскі үзілістен кейін қайта жалғасады.
Дамир Нұрмұхамет