Ақтауда өтіп бара жатқан азамат тыйым салынған жерде суға секірген жасөспірімнің өмірін құтқарып қалды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға 7А шағын ауданында болған: 2011 жылы туған жасөспірім шомылуға тыйым салынған жерде суға секірген. Ол бата бастағанда өтіп бара жатқан азамат дер кезінде байқап қалады. Ер адам сасып қалмай, баланы жағаға алып шығып, оның өмірін сақтап қалды. Жанынан тағы екі азамат көмекке келіп үлгерген.
Оқиға орнында түсірілген бейнежазбалар әлеуметтік желілерде кеңінен таралды. Куәгердің дер кезінде көмек көрсеткені көпшіліктің оң бағасына ие болды. Желі қолданушылары оның батылдығын, шапшаңдығын және адамгершілік қасиеттерін ерекше атап өтті – дәл осы әрекеттердің арқасында оқушының өмірі сақталып қалды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Tengri LIVE (@tengri.live)
Оқиға орнына Маңғыстау облыстық ТЖД құтқарушылары жедел жетті. Апаттық-құтқару жасағының мамандары зардап шеккен балаға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем бригадасына тапсырды. Алдын ала мәлімет бойынша, жасөспірімнің жағдайы қанағаттанарлық деп бағалануда.
Құтқарушылар тағы да ескертеді: рұқсат етілмеген жерлерде шомылу – өмірге қауіпті.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз