Биыл Қытай рекордтық көлемде — 714 млн тонна астық жинады.
Өнімнің молдығына егістіктің ұлғаюы себеп. Биыл жүгері алқабы 220 мың гектарға кеңейіп, жемісі алты жыл қатарынан өсім көрсетіп келеді. Дақылдардың ішіндегі ең мол шыққаны — жүгері. Басымдық көбіне құрғақ пен желге төзімді сұрыптарға берілген. Мамандар өнімділіктің 90 пайызы осыған байланысты дейді. Сондай-ақ Қытай үкіметі құрғақшылық, су тасқыны, зиянкестермен күреске 850 миллион доллар бөліп отыр.