Тәуелсіздік – ұлттық тіл мен діл, шегенді шекара ғана емес, бұл өз алдына дамудың даңғыл жолын таңдау. Қазақстан егемендігін жариялап, азат ел болғалы ең алдымен экономикасын тіктеп, саяси жүйесін жаңғыртты. Саясаттанушылар осылай дейді. Бүгінде ел азаматтары да мемлекет ісіне белсенді араласа бастады.

Тәуелсіздік жылдары еліміз экономикалық тұрғыда ғана емес, қоғамдық-саяси бағытта да дамыды. Атап айтсақ, елдің басты құқықтық нышаны –Конституцияға түзету енгізілді. Осылайша 1995 жылы қабылданған Ата Заң араға ширек ғасыр салып жаңарды. Жаңа құжат билік тармақтары арасында теңдік қағидатын орнатуға бағытталған. Сондай-ақ азаматтардың саяси үдерістерге белсенді араласуына жол ашып, Парламенттің ықпалы арттыру болды.

Әйгерім Хасенқызы, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ Бас сарапшысы:

- Тәуелсіздік алғалы бері бірқатар заңнамалық өзгерістер болды. Бұл өзгерістер артынша саяси салада болсын, әлеуметтік-экономикалық салаларда үлкен өзгерістерге жол бастап берді. Оған мысал ретінде осы күнге дейін өткен бірнеше Референдумды айтуға болады. Осы Референдум өткізудің бір себептерінің бірі конституциялық өзгерістерге қатысты. Ал конституциялық өзгеріс дегеніміз: бұ бірінші кезекте толыққанды заң саласында болсын, қоғамдық реттеу саласында болсын, үлкен өзгерістері алып келгендігін көрсетеді.

Биыл ел тәуелсіздігінің басты тірегі Конситуцияның қабылданғанына – 30 жыл. Осы аралықта Ата Заң мемлекеттің дамуы мен тұрақтылығына негіз болды. Ел өмірінің барлық саласына елеулі өзгеріс әкелді. Ең бастысы, әділетті қоғам қалыптастыруға кепілдік берді. Саясатта да тың серпіліс: көппартиялы жүйе жасақталып, мінберлерде жаңа партиялардың үлесі артты.

Ауылдық округтер мен аудан әкімдерін тікелей сайлау тәжірибесі енгізілді. «Ішкі саясат тұжырымдамасының қабылдануы да саяси жаңғырудың маңызды бағыты», — дейді сарапшы.

Әйгерім Хасенқызы, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ Бас сарапшысы:

- Бұлардың барлығының түп негізінде біз Қазақстан азаматын қалыптастыруда қандай істерге ден беруіміз керек деген сауалға жауап іздедік. Ішкі саясат бойынша концепцияның қабылдануы анығына жетіп, сауалды ашып беруге тырысты.

Елімізде Конституциялық сот қайта құрылып, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің мәртебесі күшейтілді. Сондай-ақ өлім жазасының толық жойылуы құқықтық мемлекет қалыптастыру жолындағы маңызды қадам.

Авторлары: Назерке Тоқжан