Біздің елдің Жапонияға экспортының басым бөлігі металл шикізатының үлесінде.
Оның ішінде 94,8 пайызы ферроқорытпалар. Тоғыз айда жапон еліне құны 314,5 млн доллар болатын қорытпа жөнелтілді. Сондай-ақ 7,6 млн долларға тантал және 6,8 млн долларға өңделмеген алюминий сатылды. Ал импорттың жартысынан көбі жеңіл автокөлік. Жалпы сомасы 527 млн доллар. Бұдан бөлек 49 млн долларға жол-құрылыс техникасы мен 47,8 млн долларға көлік доңғалағын сатып алдық.
ҚАЗАҚСТАН — ЖАПОНИЯ ТАУАР АЙНАЛЫМЫ
ЭКСПОРТ
Ферроқорытпа – $314,5 млн
Тантал – $7,6 млн
Алюминий – $6,8 млн
ИМПОРТ
Автокөлік – $527 млн
Жол-құрылыс техникасы – $49 млн
Көлік шинасы – $47,8 млн