Бұл туралы АҚШ-тың Сауда министрі Говард Латник мәлімдеді.


АҚШ соңғы бірнеше күнде елде тұру құқығын беретін "алтын" грин-карттарды сату арқылы 1,3 миллиард доллар табыс тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Report басылымына сілтеме жасап.

Латниктің айтуынша, сатылым көлемі небәрі бірнеше күннің ішінде осы сомаға жеткен.

Қазіргі уақытта "алтын" грин-карта арқылы заңдастыру мүмкіндігі АҚШ-тың Ішкі қауіпсіздік министрлігіне өтінішті өңдеу үшін 15 мың доллар алым төлеу арқылы ұсынылады. Өтініш мақұлданған жағдайда, үміткер қосымша түрде АҚШ үкіметіне 1 миллион доллар төлеуі тиіс. Билік грин-картты жедел қарастырып, тез арада беруге уәде етіп отыр.